UFC-дің топ файтері Асу Алмабаевты жекпе-жекке шақырды
12.11.2024, 11:59
Бұған дейін ол қазақстандық аралас жекпе-жек шеберімен жұдырықтасып үлгерген
Vesti.kz
UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесі бойынша 13-орында тұрған америкалық Чарльз Джонсон (17-6) өзіне қарсылас ретінде кімді көретінін айтты.
Х әлеуметтік желісінде қолданушылардың бірі Чарльзден келесі жекпе-жекте кімге қарсы жұдырықтасқысы келетінін сұрады. Аралас-жекпе-жек шебері бұған 3 есімді атап, жауап берді. Олардың арасында қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-2) та бар.
"Асу Алмабаев, [Алекс] Перес, [Стив] Эрцег немесе топ-10-ға кіретін кез келген файтер", - деп жазды спортшы.
Айта кетейік, Чарльз Джонсон биыл ақпан айында қазақстандық файтер Азат Мақсұмды (15-1) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама