Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ахмедовтың алдағы айқасы қашан өтетіні белгілі болды

Редактор Penalty.kz
12.11.2024, 13:05

Отандасымыз соңғы жекпе-жегін биыл қыркүйекте Ирландияның Дублин қаласында өткізген еді. 

runasport.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16КО) шаршы алаңға келер жылдың басында қайта оралатыны белгілі болды.

Boxrec мәліметі бойынша, Әли келесі айқасын 25 қаңтарда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өткізеді. Жекпе-жек жалпы 10 раундқа жоспарланған және ол супер-орта салмақта өтеді.  Әлидің кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, Ахмедов кәсіпқой бокста барлығы 22 рет (16 нокаутпен) жеңіске жеткен. Бір ғана рет қарсыласына есе жіберген.

Соңғы жекпе-жегін биыл қыркүйекте өткізді. Ирландияның Дублин қаласында француз боксшысы Пьер Дидомбемен (22-2-1, 12КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті.