Шавкаттың командасы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
12.11.2024, 15:35

Қазақстандық файтермен жұдырықтасуға бір файтер келісімін беріпті.

Vesti.kz

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың командасы DAR Team қазақстандықтың алдағы жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады. 

Оған сай, отандасымыздың 7 желтоқсанға жоспарланған айқасы кейінге қалмайды. 

«Сонымен, бізде жақсы жаңалық бар, жақсы біреу жекпе-жекке келісті. #UFC 310 күшінде», - деп жазды DAR Team өкілдері Instagram-дағы парақшасында. 

Шавкаттың нақты кіммен жұдырықтасатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін бірнеше файтердің Рахмоновқа қарсы октагонға шығатыны жайлы ақпар тараған болатын. Алайда олардың ешқайсыы расталған жоқ. 

Еске сала кетейік, UFC 310 турнирі желтоқсанның 7-і күні АҚШ-тың Невада штатында өтеді.