UFC президенті Шавкаттың қарсыласы кім болатынын айтып қойды
12.11.2024, 20:19
Ол UFC-дің бұрынғы чемпионы.
Vesti.kz
Дана Уайт қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа (18-0-0) қарсылас ретінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Камару Усманды (20-4-0) бекіткен. Бұл туралы «Спорт Шредингера» телеграм-арнасы хабарлады.
Бұған дәлел ретінде аталған арна "Мисс Қазақстан" қатысушысы Азиза Сыздықова жариялаған стористі келтіреді.
Айта кетейік, Instagram желісінде Дана Уайт Сыздықованың оқырманы.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат-Белал жекпе-жегі өтпейтін болған соң қазақстандық файтер 7-ші желтоқсанда Усманмен жұдырықтасуы мүмкін деген хабар тараған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама