Қазақстан чемпионатына қатыспаған Елдос Сметов спортқа қашан оралады?

Редактор Penalty.kz
17.11.2024, 14:20

Олимпиада чемпионы қазір салтанатты жиындарға жиі қатысып жүр. 

GOV.KZ

Осы күндері Ақтөбе қаласында дзюдодан өтіп жатқан ел чемпионаты өтіп жатыр. Алайда оған атақты спортшы Елдос Сметов қатысып жатқан жоқ. Жарыста тек құрметті қонақ ретінде бой көрсетті. 
Жалпы, белгілі дзюдошы Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін ел аралап, түрлі тараптан сыйлық пен құрметке мейлінше бөленді. Ал жарыстарға қатысу туралы спортшы әзірге нақты шешімін айтпайды. Себебі, спортқа оралмас бұрын алдымен бұған дейін алған жарақатын емдемек екен. 

«Спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Менің салмағымда өте жоғары деңгейдегі мықты балуандар көп. Бәсекелестік болған жерде өсу болады. Басқа салмақтарда да бәсекелестік көп болса екен деп тілеймін. Олимпиада ойындарынан кейін біраз демалуым керек. Себебі, біраз жарақатым бар. Солардың барлығын қалпына келтіріп, 2027 жылы елімізде өтетін әлем чемпионатына дейін дзюдоны қайта бастаймыз», - деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, Ақтөбедегі Ақтөбедегі жарыс кезінде ҚР дзюдо федерациясының президенті Елдос Сметовке Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) «Алтын жазуды» табыстады. Осылайша отандасымыз алдағы төрт жылда киген кимоносына Олимпиада чемпионы екенін көрсететін белгіні тағуға мүмкіндік алды.