Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан қолғап түйістірді
03.12.2024, 16:00
Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Дильфуза Бековамен кездесті.
NUR.KZ
Әбікеева мен Бекова арасындағы жекпе-жек 1/4 финалда өтті. Кездесу барлық бөлінген уақытқа созылып, төрешілердің бөлек шешімімен қазақстандық былғары қолғап шеберінің жеңісімен аяқталды.
Өз кезегінде Бекова кәсіби бокста бір жекпе-жек өткізіп, 2022 жылы ресейлік Александра Ординаға (2-0-1, 0 КО) есе жіберген.
Бұған дейін Махмұд Сабырхан мен Милана Сафронова чемпионатты сәтті бастаған. Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсірсе, Сафронова жартылай финалға жекпе-жексіз өтті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама