АЧ-2024: Бір боксшымыз финалда

Редактор Penalty.kz
03.12.2024, 21:50

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында кемі 7 медаль бар. 

gov.kz

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында қазір 7 медаль бар. Бір боксшымыз финалда жұдырықтасады. 

Ерлер арасында Бекзат Нұрдәулетов (86 келі) пен Айбек Оралбай (92+ келі) жартылай финалға шықты. Нұрдәулетов ақтық сынға жолдама үшін украиналық Даниил Жасанмен жұдырықтасады. Ал Оралбай өзбекстандық Джахонгир Зокировпен жекпе-жекке шығады. 

Өз кезегінде бұрымдылар арасында Аида Әбікеева (63 келі), Милана Сафронова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Диана Мағауяева (75 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) жартылай финалда. Елдана Тәліпова (81+ келі) болса, бірден жарыстың финалында бақ сынайды.