Әлемнің 2 дүркін чемпионы атағы бар қазақстандық балуан допингпен ұсталды
05.12.2024, 15:28
Енді ол бір "алтыннан" айырылуы мүмкін.
ru.jambylinfo.kz
Әлемнің 2 дүркін чемпионы Самат Айтпанбет допинг ережелерін бұзғаны үшін уақытша жарыстардан шеттетілді. Халықаралық тестілеу агенттігі жуырда осындай шешім шығарды. Оған танымал грэпплердің ағзасынан тыйым салынған "Дростанолон" мен "Кломифен" препараттардың табылуы себеп болды.
Айта кетейік, Самат тестілеуден 12 қазанда өткен. Дәл осы күн Астанада әлем чемпионатының соңғы жарыс күні болатын. 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз бұл турнирде "алтын" жеңіп алған болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама