Отандасымыз ширек финалда қырғыз боксшысын жеңді.
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды.
80 келідегі Ерасыл Жақпеков 1/4 финалда Сағын Сатыбалдыұлымен (Қырғызстан) жекпе-жекке шығып, жойқын соққылар мен қыспаққа алудың арқасында жеңіске жетті.
Енді жерлесіміз 8 желтоқсан күні жартылай финалда қарсыласын нокаутқа жіберген өзбек боксшысы Тұрабек Хабибуллаевпен жұдырықтасады.
Бұған дейін Оразбек Асылқұлов шаршы алаң иесін ұтып, жартылай финалға шыққан.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен сәтсіздікке ұшырады. Ол тәжікстандық Акмал Убайдовқа жол берді.