Графеева жартылай финалға еш қиындықсыз өтті
Азия чемпионатында бүгін қазақстандықтардан соңғы болып Виктория Графеева рингке шықты.
Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта тайбэйлік Чень Сюань Енмен жұдырықтасты.
Жерлесіміз қолы мен бойының ұзындығы арқасында қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді. Екінші кезеңде тайбэйлік боксшы қыз үшінші нокдау алып, рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша бейсенбі күні шаршы алаңға шыққан алты қазақстандық боксшының бесеуі жартылай финалға өтті.
Жарнама
Жарнама