Қазақстандық боксшы мансабында алғаш рет жеңіліп қалды

Редактор Penalty.kz
05.12.2024, 20:10

26 жастағы отандасымыз ресейлік былғары қолғап шеберімен қолға түйістірген болатын.

Bizmedia.kz

26 жастағы қазақстандық боксшы Ынтымақ Дәуіт кәсіпқой бокс мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Бұл туралы meta-ratings.kz хабарлады. 

Санкт-Петербург қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз жергілікті боксшы Сергей Ярулинмен (2-1) жұдырықтасқан болатын. 

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек соңына дейін (6 раундқа жоспарланған) жалғасты. Нәтижесінде төрешілер шешімімен ресейлік боксшы жеңімпаз деп танылды. 

Бұл кездесу Дәуіт үшін алғашқы жеңіліс болды. Ал Ярулин мансабындағы екінші жеңіске қол жеткізді. Еске сала кетейік, 2019 жылы Сергей Ярулин 19-22 жас аралығындағы боксшылар арасында Еуропа чемпионы атанған болатын.