Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Азия чемпионатының жүлдесіне өзбектермен таласамыз. Жетінші күні рингке кімдер шығады?

Редактор Penalty.kz
05.12.2024, 21:03

6 желтоқсанда Таиландта бокстан Азия чемпионатының жетінші күн жарысы өтеді.

kazsports.kz

Сары құрлықтың қазіргі чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тәжік Мехрон Шафиевпен қолғап түйістіреді.

51 келіде Сәкен Бибосынов өзбек Асылбек Жәлеловқа қарсылас болады.

54 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан Шри-Ланка елінің өкілі Джаянатха Кумармен сынға түседі.

63.5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы ринг қожайыны Сомчай Вонгсуванмен шеберлік байқасады.

92 келіде Сағындық Тоғамбай 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері өзбек Мадияр Сайдрахымовтың осал тұсын іздеп көреді.

Жартылай финалға шыққан боксшылар кем дегенде қола медальге қол созады.