Ешқашан жеңіліп көрмеген америкалық панчер Джервонта Дэвис мансабын аяқтау туралы мәлімдеме жасады.
Боксшы өзінің жеке басына қатысты көпшілік назарынан жалыққан, деп хабарлайды Tofight.ru.
"Мен келер жылдан кейін үлкен спорттан кетемін. Мүмкін жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын шығармын. Назардан тыс қалып, ақша табуға тырысамын. Ешкімнің назарына ілікпей, өз бетінше өмір сүргім келеді. Бокс қоқысқа толы. Бұның бәрі бо**. Мен осы бо** тойдым", - деді Джервонта Дэвис Fight HUB TV-ге.
Айта кету керек Джервонта жақында ислам қабылдаған болатын.