Бүгін Токиода дзюдодан Grand Slam сериясының биылғы соңғы турнирі басталды.
Алғашқы күні Қазақстан атынан ешкім финалға жете алмады.
Ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде Дәурен Сүйікенов алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық Мигель Аугустоға ұтылды. Шерзод Давлатовта жарыс жолынан шығып қалды. Ол моңғолялық Елк Казирбекке қарсы осалдық танытты. 73 келіге дейінгі салмақта Бақытжан Әбдірахманов Лусиан Борстан (Румыния) басым түсті. Бірақ кейін Джек Енезукиден (АҚШ) айласын асыра алмады.
Әйелдер арасында дзюдошыларымыз бірінші жекпе-жегінде түгелдей сүрінді. Толғанай Әбеуова (52 келіге дейінгі салмақ) Нанако Цубонеден (Жапония) жеңілді. Дана Әбдірова (57 келіге дейін) Ариунзаей Тербиштің (Моңғолия) осал тұсын таба алмады, ал Самалай Ерғалиева (63 келіге дейінв) татами иесі Мегуми Хорикавеге (Жапония) жол берді.
Осылайша Қазақстан турнирдің бірінші күнін жүлдесіз аяқтады.