"Біз нәтижелермен келіспейміз". Қазақстан құрамасының бас бапкері АЧ-2024 қорытындылады

Редактор Penalty.kz
11.12.2024, 22:00

Чиангмайда бокстан Азия чемпионаты мәреге жетті. Соңғы күні медальдарды ерлер сарапқа салды.

1bol.kz

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек. Биылғы әлем чемпионатына қатысқандардың бәрі кіл мықтыларын әкелген жоқ. Кейбіреулері Олимпиада ойындарынан кейін үзіліс алуды құп көрді. Ал турнирге шақырту алған Украина құрамасы оның мәртебесін көтергендей болды. 

Қазақстан құрамасы Таиландқа тек үздіктерді апарды. Тіпті олардың қатарында Парижде жұдырықтасқан боксшылар да болды. Тек Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай мен Қамшыбек Қоңқабаев қалыс қалды. Олар жарақаттарынан толық айыққан жоқ. Шымбергенов желтоқсанда ел чемпионатында рингке оралуды көздейді. Оралбайдың маусымды мерзімнен бұрын аяқтайтын түрі бар. Ал Қоңқабаев алдағы жоспарын әлі жариялаған жоқ. 

Өз кезегінде бапкерлер кәсіпқой деңгейде өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов пен Бекзат Нұрдәулетовке мүмкіндік берді. Бір қызығы, Айбек Оралбай салмағын ауыстырды. Енді ол 92 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғайды. Дегенмен Таиландқа барлық сынақтан сүрінбей алтын медаль жеңіп алды. 

Азия біріншілігіне аттанған 13 боксшымыздың 9-ы финалға жетті. Тек Сәкен Бибосынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Ерасыл Жақпеков жүлдесіз қалды. 

Турнир қорытындысында Қазақстан 4 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Медальдар жиынтығы бойынша Өзбекстаннан кейін екінші орынға табан тіреді. 

"Біз 48 келі және 71 келі салмақтағы финалдық кездесулердің нәтижесімен келіспейміз. Қалғандары әділетті өтті дер едім. Кем тұстарымызды байқадым. Алдағы уақытта оларды жоюға тырысамыз. "Физика" мен "техниканы" жетілдіру бойынша көп тер төгуге тура келеді. Бәрі ойдағыдай болуы тиіс. Жігіттерде потенциал бар. 

Мықты жастарымыз да жетерлік. Оларды ұлттық құрамаға тартамыз. Жақында ел чемпионаты өтеді. Бірақ оған Азия чемпионатының жүлдегерлері қатыспайды. Себебі дайындалуға уақыт өте тығыз. Таиландта және Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанғандар ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары болады," — деді бас бапкер Қайрат Сәтжанов.