Реклама
Реклама

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады

Сарапшы, спорт журналисі
12.12.2024, 12:41

UFC қазақстандық файтер өнер көрсететін жартылай орта салмақтағы рейтингті жаңартты.

vesti.kz

Рейтингтің жаңа нұсқасында Рахмонов үшінші орыннан екінші орынға көтерілді. Ал оның бұрынғы орнына Камару Усман жайғасты. Дивизиондағы көшті экс-чемпион Леон Эдвардс бастап тұр.

Сонымен қатар Разхмоновтың бұрынғы қарсыластары өзара орындарын алмастырды. Джеф Нилл 11-сатыдағы Стивен Томпсонды сырғытып, 10-орынға орналасты.

Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов төрешілер шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, UFC жартылай орта салмақ дәрежесінде титулға үміткер атанды. Өз кезегінде Рахмоновқа жол берген Гэрри жетінші орында қалды.

Реклама
Реклама