Өзбек боксшыларының Азия чемпионатындағы күмәнді жеңісі тағы тексеріледі

Редактор Penalty.kz
25.12.2024, 12:05

Таиландта Азия чемпионатына қатысты үлкен дау шықты. Қазақстандық боксшылардың жекпе-жектері қайта қаралады. 

BaigeNews.kz

Inside the Games-тің хабарлауынша, Умар Кремлевтың басшылығымен Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Чиангмайда өткен Азия чемпионатындағы төрешілердің жұмысына қатысты ресми тергеу бастады. Бұл туралы 1bol.kz жазады. 

Ең алдымен Абылайхан Жүсіпов пен өзбек Хавасбек Асадуллаев арасындағы жекпе-жек қызу талқыға түскені белгілі. Өзбек боксшысы отандасымыздың иығынан қыршып тістеп алған еді. Ол сәтте төрешілер елемеген болатын. Кейіннен Қазақстан бокс федерациясының шағымынан кейін техникалық делегат Сэйди Даффи істі қайта қарап, Асадуллаевты ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетіп, алтын медаль отандасымызға берілді.

Содан кейін жергілікті тай боксшысы Сомчай Вонгсуан мен өзбек Адхомджан Мухиддиновтің жекпе-жегі де күмән тудырады. Мұнда да өзбек боксшысы күмәнді жеңіске жеткен.

Сонымен бірге Санжар Тәшкенбай мен өзбек Шодияржон Меликузиев арасындағы жекпе-жекті де қайта қарайды. Қазақстан бокс федерациясы соңғы раундта Тәшкенбайға қарсы төрешінің негізсіз есеп жүргізуі жекпе-жектің нәтижесіне әсер етіп, жеңісті Меликузиевке бергенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұл чемпионатта Өзбекстан құрамасының боксшылары көш бастаса (8-2-1), елдің ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс және 1 қола мадельмен екінші орынға тұрақтады. Ал үздік үштікті Тәжікстан қорытындылады – 1-1-3.