Әнуарбек «Мотиватор» мен танымал бокс бапкері Мұхит Амантаев жүзбе-жүз жолықты.
Әлеуметтік желіде басталған жанжал шаршы алаңда шешілуі мүмкін. Атыраулық файтер Әнуарбек «Мотиватор» мен танымал бокс бапкері Мұхит Амантаев жуырда жүзбе-жүз жолығып, арадағы кикілжіңді шешпек болды. Бұл кездесуге Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков те келді.
«Бірінші бол» подкастына келген спортшылар студияда сөзге келіп, бір-бірін жерден алып, жерге салды.
Айта кетейік, Ерденбеков экс-боксшыларға 6 раундтық жекпе-жек ұйымдастыруға рұқсат беретінін мәлімдеді. Дегенмен, қос спортшы рингке расымен де, шығуға дайын ба? Әлде екеуінің әрекеті жай ғана қойылым ба? Жауабы «Бірінші бол» подкастының жаңа шығарылымында.