Канелоны сескендірген боксшы Бетербиевтен жеңісті "алып алды"

Редактор Penalty.kz
13.01.2025, 17:58

Екінші орта салмақтағы америкалық боксшы Давид Бенавидес (29-0, 24 КО) ресейлік Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) мен Артур Бетербиевтің (21-0, 20 КО) қарымта жекпе-жегіне қатысты өз болжамын айтты. 

ria.ru

Жекпе-жек 22 ақпанда Эр-Риядта өтеді. 

"Меніңше, Дмитрий жеңгендей болды. Иә, бұл бәсекеге толы айқас болатын. Жеңісті кез келген тарапқа беруі мүмкін еді. Бірақ маған Бивол көбірек басым болғандай көрінді. Жекпе-жек көбіне Дмитрийдің бақылауында болды. Комбинацияларды да жақсырақ жасады. Меніше, ол қарымтада жеңеді. Екеуі де өте мықты боксшылар. Айқасу стилдеріне өзгерістер енгізе ме көреміз. Қарымта бірінші жекпе-жек сияқты өтер ме екен, білмеймін. Қалай дегенмен осы жолы жеңіс Биволда деп ойлаймын", - деп береді Бенавидестің сөзін Fight Hub TV.