Лондонда жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев пен экс-чемпион Дмитрий Бивол арасында реваншқа арналған ресми баспасөз мәжілісі өтті.
Бұл жолы боксшылар өзара қысқа ғана сөйлесіп, алдағы жекпе-жекке қатысты дайындықтары туралы айтты, деп жазады 1bol.kz.
“Сен мені хат тасушы деп ойлайсың ба? Біз рингте мықты жекпе-жек көрсетеміз. Менің хабарламам – дайын бол. Басқа айтарым жоқ”, - деді Артур Бетербиев.
Ал Дмитрий Бивол болса “менің Артурға ешқандай хабарламам жоқ, себебі мен хат тасушы емеспін. Біз рингке шығамыз. Нәтижені сондағы іс-әрекетіміз көрсетеді” деп жауап берді.
Аталған реванш айқасы 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтпек.
Қос боксшы өткен жылдың қазан айында кездесіп, 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің көпшілік шешімімен Артур Бетербиев жеңіске жеткен болатын. Сол жолы Бетербиев WBC, WBA Super, IBF, WBO, IBO және The Ring белбеулеріне қол жеткізді.