Қазақстандық балуандар Гран-приде биіктен көрінді

Редактор Penalty.kz
18.01.2025, 11:16

Еркін күрес шеберлері Гүлдана Бекеш пен Эльмира Сыздықова Ниццадағы Анри Деглан Гран-приінде алтын медаль жеңіп алды.

@kazakhstan_wrestling

Бекеш 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ешкімге дес бермесе, ал Сыздықова 76 келі салмағында үздік атанды.

Былтыр Гүлдана Бекеш жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль місе тұтты. Эльмира Сыздықова болса, ересектер арасында сары құрлықтың үздік үштігінен көрінді.