Әли Ахмедов америкалық боксшыны нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
18.01.2025, 10:30

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) Коммерстегі (АҚШ, Калифорния штаты) бокс кешінде жұдырықтасты. 

RunaSport

Ахмедов америкалық Малколм Джонспен (17-4-1, 10 КО) кездесті. Он раундқа есептелген айқас супержартылай салмақта өтті. Ақыры қазақстандық боксшы екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша Әли Ахмедов кәсіби мансабында өзінің 23-ші жеңісіне қол жеткізді. Оған қоса Ахмедов қатарынан жетінші айқасында ешкімге дес берер емес.

Еске сала кетйік, Әли Ахмедов былтыр үш рет шаршы алаңға шықты. Соңғы рет ол өткен жылы қыркүйекте Ирландияда француз Пьер Юбер Дибомбені жеңген болатын.