Белал Шавкатты "жіліктеп" тастамақ

Редактор Penalty.kz
23.01.2025, 14:38

Кездесу Рамазан айынан кейін өтеді деген ақпар бар. 

runasport.com

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (19-0) жекпе-жекте титулын қорғап қалатынына сенімді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Әу-баста спортшылар өткен жылы желтоқсанда UFC 310 турнирінде жұдырықтасуы керек-тін. Алайда Белалдың аяғындағы инфекцияға байланысты айқас кейінге қалды.  

"Жаттығу мен жұмысыма оралғаныма қуаныштымын. Келесі Шавкат болатыны анық, бірақ, одан кейін Хоакин Бакли, Карлос Пратес, Иэн Гэрри бар. Дивизиондағы өзгелер не істейтіні және ары қарай не болатынын күтіп отырмын. Мен туралы айтсақ, мен белсенді болып қалғым келеді. Кезекте бірінші тұрғанды жіліктеп, титулымды қорғап, келесі жемтігімді қарастыруға көшемін", - деді Белал Cageside Press-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, қолда бар мәлімет бойынша Шавкат пен Белал арасындағы жекпе-жек Рамазан айынан кейін өтеді.