Сауль "Канело" Альварес қатты ұнататын төрт боксшыны атады
23.01.2025, 18:00
Кәсіпқой бокстан екінші орта салмақта WBO, WBC WBA Super, The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы – мексикалық Сауль Альварес (62-2-2, 39 KO) үздік төрт боксшыны атады.
фото ашық дереккөздерден алынды
Оның пікірін X әлеуметтік желісінде Ring Magazine аккаунты жазды.
“Талантты жас боксшылардың жекпе-жектерін үзбей қарауға тырысамын. Александр Усик, Райан Гарсия, Теофимо Лопес және Джервонта Дэвис ұнайды. Олар расымен де өте мықты боксшылар, - деді мексикалық даңқты боксшы.
Еске сала кетсек, Альварес соңғы жекпе-жегін былтыр 14 қыркүйекте отандасы Эдгар Берлангаға қарсы өткізді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер “Канелоның” жеңісін мойындады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама