Есбол Сұлтанов алғашқы жаттығуын бастады
24.01.2025, 11:09
Таэквондо жанкүйерлеріне жақсы таныс қазақстандық маман жуырда ғана елге оралып, ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған еді.
24kz
Есбол Сұлтанов Алматы облысы Жанашар ауылындағы спорттық базада ұлттық құрама өкілдерін жинап, кешенді әзірлікке кірісті. Бас-аяғы 50-ге жуық спортшы алдағы бірер апта бойы осы жерде шеберлік шыңдайды.
Одан кейін ақпан айының басында Қытай спортшыларымен бірлескен тағы бір жаттығу жиыны күтіп тұр. Ал 2025 жылдың алғашқы жарысы бір айдан кейін Болгария астанасы Софияда өтеді. Қазақстандық қыз-жігіттер G-1 санатындағы рейтінгілік турнирге қатысады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама