Қазақстандық каратэшілер финалға шықты
26.01.2025, 12:05
Софья Берульцева мен Әсел Қанай Премьер-Лиганың ақтық бәсекесінде өнер көрсетеді.
elorda.info
Әсел Қанай жартылай финалда франциялық Леа Авазериден басым түсіп, енді жапониялық Сарара Шимадамен шеберлік байқасады. Ал Софья Берульцева Нидерланд өкілі Ингрид Кримерсті сенімді тізе бүктіріп "алтын" үшін айқаста Гран-придің қазіргі жеңімпазы испаниялық Мария Торреспен кездеседі.
Софья Берульцева 2023 жылы Азия біріншілігінде "кумите" (+68 кг) санатында алтын медаль еншілеген. Софья Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және ұлттық құраманың көшбасшысы саналады.
Әсел Қанай да сол жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді. Ал 2022 жылы Ташкентте жекелей және командалық жарыста Азияның екі дүркін чемпионы атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама