Шавкат Рахмонов шетелден шақырту алды
30.01.2025, 20:12
Дағыстандық файтер Нассурдин Имавов Шавкатты Францияға шақырды.
@jaco_ufc2
Орта салмақта UFC-де бесінші орында тұрған, Францияда тұратын дағыстандық Нассурдин Имавов қазақстандық Шавкат Рахмоновпен жаттығуының қалай болғанын еске алды.
“Біз бірге ұзақ жаттығу жасадық. Бұл керемет кездер еді. Францияда көруге қуанышты болатынымды айттым. Ол да өзінің залына қатысты солай атты. Мықты спортшы, жақсы жұмыс істедік және керемет тәжірибе жинадым”, — деді Имавов француз БАҚ-тарына берген сұхбатында.
1 ақпанда Нассурдин Имавов Эр-Риядта UFC Fight Night турнирінде жаңазеландиялық Исраэль Адесаньямен жекпе-жекке шығады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама