Рахмонов пен Махачев жұдырықтасуы мүмкін бе? Дана Уайт не дейді?
31.01.2025, 10:24
Жуырда UFC басшысы ресейлік файтердің салмақ ауыстыруына қатысты пікір білдірді.
Offside.kz
UFC басшысы Дана Уайт жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачевтың (27-1) салмақ ауыстыруына қатысты пікірін білдірді.
"Бұл туралы ештеңе білмеймін. Егер жартылай орта салмаққа ауысқысы келсе, оны қарастыруға болады. Бірақ орта салмақ дивизионы мүлдем басқа деңгей", - деді Уайт.
Айта кетейік, жартылай орта салмақта қазіргі уақытта қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өнер көрсетіп жүр. Отандасымыз өзінің келесі жекпе-жегінде чемпиондық титулға таласады.
Әу-баста, Белал Мұхаммадқа қарсы кездесу 2024 жылдың желтоқсанында өтуі керек болған. Алайда Белалдың жарақатына байланысты ол кейінге қалды. Жекпе-жек енді мамыр айында өтуі мүмкін.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама