Руслан Мәдиев чемпиондық белбеуін қорғайды
31.01.2025, 12:50
Ертең Таиланд астанасы Бангкокте қазақстандық жігіттердің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді.
sportnews.kz
Ең басты жекпе-жек – Руслан Мәдиев пен филиппиндік Али Канега арасында болады. Қос мықты жартылай орта салмақта WBA Asia чепмпиондық атағын сарапқа салады. Руслан бүгінге дейін 18 кездесу өткізіп, 16-сында жеңіске жетті. Қарсыласының көрсеткіші 13 кездесу, 11 жеңіс.
Русланнан бөлек кәсіпқой бокс кешінде IRFIN PROMOTIONS компаниясының қанаты астында Армат Арманұлы, Нұрдос Төлебай және Елшат Нығметулла жекпе-жек өткізеді. Барлық былғары қолғап шебері салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтіп, жекпе-жек алдындағы дайындықты пысықтауға кірісті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама