Елдос Сметов жылдың үздік дзюдошысы атағынан "айырылды"

Редактор Penalty.kz
03.02.2025, 15:00

Әзербайжандық Олимпиада чемпионы Хидаят Гейдаров 2024 жылдың үздік дюдошысы атанды. 

фото ашық дереккөздерден алынды

Әзербайжан өкілі Хидаят Гейдаров "Жылдың үздік дзюдошысы" деген мәртебе лайық болды. Гейдаровтың жетістігін Халықаралық дзюдо федерациясының сарапшылары бағалады. 

Гейдаров үшін 2024 жылы сәтті болды. Дзюдошы Олимпиада "алтыны" мен қатар 73 келіге дейін салмақта Еуропа чемпонатын жеңіп алды. Гейдаровтың жаттықтырушысы Ричард Траутман да сарапшылардың жоғары бағасын алды. Әзербайжан құрамасының бас бапкері ерлер командасының үздік жаттықтырушысы деген атаққа ие болды. 

Еске сала кетейік, әлемнің үздік дзюдошысы номинациясына Олимпада чемпионы Елдос Сметов те үміткер болған.