Садриддин Ахмедов мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Редактор Penalty.kz
03.02.2025, 12:28

Жекпе-жектің қашан және қайда өтетіні де белгілі.

Vesti.kz

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) көп ұзамай кезекті жекпе-жегін өткізеді. 

BoxRec.com келтірген ақпарға сәйкес, отандасымыз 19 сәуір күні мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады. Промоутер Том Леффлер ұйымдастыратын бокс кеші АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді. 

Садриддин соңғы жекпе-жегін былтыр 13 желтоқсанда Калифорнияда өткізген болатын. Сол кезде ол америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) 7-раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді. 

Элиас Эспадас та желтоқсанда жұдырықтасты. Рамон Барахаспен (14-40, 4 КО) болған айқас екінші раундта аяқталған болатын.