Қазақстандық арнайы жасақ әлемдік додада "алтын" алды

Редактор Penalty.kz
03.02.2025, 09:47

"Күміс" те қазақстандық ұжымға бұйырды. 

GOV.KZ

Дубайда «SWAT Challenge» халықаралық жарысы өтіп жатыр. Әлем біріншілігінің екінші күні мемлекеттік күзет қызметінің "Сардар" арнайы жасағы ел қоржынына алтын жүлде салды.

Жарыс ережесі бойынша "Сардар" құрамасы шартты түрде лаңкестер қолына өткен нысанға шабуыл жасап, кепілге алынғандарды босатуы керек-тін. Арнайы операция бас-аяғы 1 минутта орындалуы шарт еді. Біздің жігіттер осы көрсеткішті межелі уақытқа жеткізбей, жылдамдық танытты. 

Осылайша "Сардар" құрамасына алтын медаль мен 5 мың доллар қаржылай сыйақы табысталды. 

Айта кетейік, бұл сында екінші орын да қазақстандық "Арыстан" арнайы жасағына бұйырды.