Жәнібек Әлімханұлы жеңіліп көрмеген боксшымен жекпе-жекке шықпақ

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 09:15

Отандасымыз былтыр қазаннан бері өзіне лайықты қарсылас таба алар емес. 

runasport.com

WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) америкалық Дэвид Бенавидеспен (30-0, 24 КО) жекпе-жек өткізуге ниет білдірді. Бұл туралы отандасымыз Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

"Егер Бенавидес менімен жұдырықтасуға келіссе, өздеріңіз білетіндей, мен дайынмын! Керемет жекпе-жек болар еді! Ол жақсы боксшы, егер шаршы алаңға екі үздік былғары қолғап шебері шықса, жанкүйерлер де қуанып қалар еді! Бокс - бизнес емес, бокс - спорт!", - делінген жазбада.  

Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы рет рингке былтыр қазанда шықты. Сол кезде отандасымыз Андрей Михайловичты жеңген болатын.