Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шара Буллет - Майкл Пейдж айқасына берілген сыйақы мөлшері белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда Эр-Риядта өткен жекпе-жекте "Дағыстандық қазақ" мансабында алғаш рет қарсыласынан жеңіліп қалған еді. 

Шара Буллет - Майкл Пейдж айқасына берілген сыйақы мөлшері белгілі болды
sportbox.ru

Жуырда британдық аралас жекпе-жек шебері Майкл Пейджке есе жіберген ресейлік файтер Шарабутдин Магомедов айқасқа берілетін сыйақы мөлшерін атады. 

"Дағыстандық қазақтың" айтуынша, жеңіске жеткен кезде ол 300 мың доллар сыйақы алушы еді. Алайда Эр-Риядта өткен кездесуде Шара Буллет төрешілердің бірауыздан шешімімен қарсыласына есе жіберген болатын. 

"Егер жеңгенімде сыйақы мөлшері 300 мың доллар болушы еді. Бірақ мен жеңіліп қалдым", - деді Магомедов баспасөз-мәслихатында. 

Айта кетейік, 1-ақпанда Сауд Арабиясының астанасында өткен UFC Fight Night 250 турнирінде Шарабутдин Магомедов күтпеген жерден жеңіліп қалды. Бұл оның мансабындағы алғашқы жеңілісі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір