Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

UFC президенті Эр-Риядта өткен турнирді сынға алды

Сарапшы, спорт журналисі

UFC президенті Дана Уайт Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен UFC Fight Night 250 турниріндегі Сергей Павлович пен Жаирзиньо Розенстрайк арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді. 

UFC президенті Эр-Риядта өткен турнирді сынға алды
liveresult.ru

Бұл туралы championat.com жазады. 

"Бұл сұмдық жекпе-жек болды. Шынында да сұмдық. Кештегі жалғыз айқас, жанкүйерлердің ысқырығына ұшыраған. Бірақ бұл Сергейдің мүмкіндіктерін жоққа шығармайды", – деді Дана Уайт баспасөз мәслихатында.

Кездесу толық үш раундқа созылып, төрешілер бірауыздан Павловичтің жеңісін тіркеді – 30-27, 30-27, 30-27.

Жекпе-жек өте сақ өтті. Екі файтер де үш раунд бойы бір-біріне сирек шабуыл жасап, айқын соққылар алмастырудан тартынды. Дегенмен әр раундта Павлович қарсыласын партерге түсіріп, бақылауда ұстай білді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір