Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Таэквондо үздіктері Мұстафа Өзтүрік жүлдесімен марапатталды

Редактор Penalty.kz
02.02.2025, 18:18

Қазақстан WT таэквондо федерациясы 2024 жылы үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді марапаттау мақсатында тұңғыш рет Мұстафа Өзтүрік жүлдесін өткізді.

Таэквондо үздіктері Мұстафа Өзтүрік жүлдесімен марапатталды
kaz.inform.kz

Астана төрінде өткен іс-шараға таеквондо спортына үлес қосқан отандық мамандар түгел жиналды. Федерация президенті Құдырет Шамиевтің айтуынша, бұл жиын спортшыларға үлкен мотивация беретін дәстүрлі іс-шараға айналмақ. 

“Қазір бізге үлкен сенім артылып отыр. Осындай сәтте біз тартынсақ, ұят болады. Таэквондо спортында ғана емес, ел тарихында өшпес із қалдырған Мұстафа Өзтүрік есімі қайта жаңғырады. Былтыр Өзтүріктің мерейтойы өтті. Алайда, біз қыркүйек айында ғана келгендіктен, аз уақыттың ішінде дайындалып үлгермедік. Алдағы уақытта біз бұл датаны міндетті түрде атап өтеміз. Ал команда мүшелеріне, спортшылар мен бапкерлерге қажырлы еңбек, сәттілік тілеймін”, — деді Қазақстан WT таэквондо федерациясының президенті Құдырет Шамиев.

Мұстафа Өзтүрік жүлдесі төмендегі спортшылар, төрешілер мен бапкерлерге табыс етілді:

Ұлттық құрама: Марья Севостьянова, Рита Бакишева, Самирхон Абабакиров, Батырхан Төлеуғали; 

Жасөспірімдер командасы: Нұрали Махмұд, Нұрай Қазынабек, Теміржан Тасқын, Аяулым Сапаралиева, Бекет Болатұлы, Айсұлу Жаңабай, Аятжан Әмірханов; 

Паратаеквондодан ұлттық құрама: Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Милана Красавцева, Әлішер Гариполлаев, Мариям Сәлімгереева, Жанболат Қазиев, Абзал Ахметкерей, Карен Овсепян; 

Сурдотаеквондодан ұлттық құрама: Диас Рысбеков, Айжамол Әбдіқатова; 

Үздік бапкерлер: Есбол Сұлтанов, Нұржан Есілбаев, Нұрболат Жаңбыров, Жалғас Бекқасымов; 

Үздік төрешілер: Дәурен Алғабаев, Руслан Бакиев, Малика Жандаева, Айдана Махимова.

Мұстафа Өзтүрік жүлдесін иеленген спортшылар естелік сыйлықтар мен қомақты қаржылай сыйақыға ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір