ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Қазақ жауынгері" Азия чемпионы атанды

Кәсіпқой бокста "Қазақ жауынгері" лақап атымен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (20-0-1, 7КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.

"Қазақ жауынгері" Азия чемпионы атанды
1bol.kz

Қазақстандық боксшы Таиланд астанасы Бангкокта өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, индонезиялық Фласидус Нуноны (10-1-2, 8КО) нокаутқа жіберіп, аса жеңіл салмақтағы WBA Asia титулын жеңіп алды.

Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қоғап жүр. Супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 37-орында тұр.

31 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.