ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 27-тур

Әлімханұлы - Шираз: WBO сыйақы шарттарын жариялады

Боксшылар арасындағы сыйақы жекпе-жектің қай елде өтетініне байланысты бөлінеді.

Әлімханұлы - Шираз: WBO сыйақы шарттарын жариялады
sportnews.kz

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираз арасындағы титулдық жекпе-жекке қатысты промоутерлік сауданың негізгі шарттарын жариялады.

Саудадағы ең төменгі ұсыныс 300 мың доллар болады. Ал боксшылар арасындағы сыйақы жекпе-жектің қай елде өтетініне байланысты бөлінеді.

Шираз 75 пайыз алуы мүмкін

Егер жекпе-жек Хамза Шираздың туған, тұратын немесе азаматтығы бар елде өтсе, сондай-ақ бейтарап аумақта ұйымдастырылса, чемпион жүлде қорының 75 пайызын, ал міндетті үміткер Жәнібек Әлімханұлы 25 пайызын алады.

Минималды 300 мың долларлық ұсыныс жағдайында:

  • Хамза Шираз – 225 мың доллар;
  • Жәнібек Әлімханұлы – 75 мың доллар алады.

Егер титулдық айқас Жәнібек Әлімханұлының туған, тұратын немесе азаматтығы бар елде ұйымдастырылса, гонорар басқаша бөлінеді.

Бұл жағдайда Ширазға жүлде қорының 80 пайызы, ал "Қазақ стиліне" 20 пайызы тиесілі болады.

Промоутерлік сауда қашан өтеді?

Әлімханұлы – Шираз жекпе-жегіне арналған промоутерлік сауда 16 қыркүйекте Сан-Хуанда (Пуэрто-Рико) WBO-ның бас кеңсесінде өтеді.

Сауда жергілікті уақытпен 14:00-де, ал Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?