WBC қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты

Редактор Penalty.kz
17.02.2025, 13:00

Әлемдік бокс кеңесі барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады.

inbusiness.kz

WBC боксшылардың жаңа рейтингін жариялады. Ол бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлері мынадай орындарға жайғасты.  

Супер ауыр салмақ

  • Иван Дычко – 31-орында қалды.

Жартылай ауыр салмақ

  • Бекзат Нұрдәулетов – 32-ші орыннан 34-ке төмендеді.

Екінші орта салмақ

  • Әли Ахмедов – 13-ші орынды сақтап қалды.

  • Бек Нұрмағанбет – 17-орында орналасқан.

Мейірім Нұрсұлтанов Фото: Turkystan.kz

Орта салмақ

  • Мейірім Нұрсұлтанов – үшінші орында, ол британдық боксшылар Хамза Шираз және Крис Юбэнк-кішіге жол беріп тұр.

  • WBC орта салмақтағы әлем чемпионы – Карлос Адамес (Доминикан Республикасы).

Бірінші орта салмақ

  • Садриддин Ахмедов – 32-орыннан 30-ға көтерілді.

Жартылай орта салмақ

  • Данияр Елеусінов – үш сатыға төмендеп, 25-ші орынға жайғасты.

Бірінші жартылай орта салмақ

  • Батыр Жүкембаев – бір саты жоғарылап, 33-орынға көтерілді.

Екінші жартылай жеңіл салмақ

  • Сұлтан Зауырбек – 29-шы орыннан 30-ға түсті.

Жаңартылған рейтинг қазақстандық боксшылардың әлемдік аренадағы позициясын көрсетеді.