Белал Мухаммад: Мен Шавкат Рахмоновты "сындырамын"

Редактор Penalty.kz
17.02.2025, 15:39

Жартылай орта салмақтағы чемпион "Номадтың" мықты рухына қарсы өз қаруын дайындап отыр.

vesti.kz

Белал Мухаммад алдағы мүмкін жекпе-жек туралы тағы да пікір білдірді. Ол UFC 315 турнирінде мамыр айында Шавкат Рахмоновқа қарсы шығуы мүмкін. Америкалық палестиндік спортшы қазақстандық файтердің менталды беріктігіне тоқталып, оны қалай "сындыратынын" айтты:

“Шавкат туралы үнемі оның жеңілмеген мықты жауынгер екенін естимін. Бірақ жекпе-жек барысында оның әлсіз тұстарын да байқадым. Дәл солай Леон Эдвардста да кемшіліктер байқалды. Леон соққы жағынан Шавкаттан жақсырақ деп ойлаймын. Бірақ менталды тұрғыдан Рахмонов күштірек. Мен оның рухын сындыруға бел будым. Қарсылас сенен қорықпайтын адам болса, бәрі басқаша өтеді. Нәтиже белгілі — тағы бір сынған жігіт”, – деді Белал Мухаммад. 

Бұрынғы қарсыластар және кейінге шегерілген жекпе-жек

Шавкат пен Белал бастапқыда UFC 310 турнирінде желтоқсанда кездеспек болған. Бірақ чемпион инфекция жұқтырып, жекпе-жектен шет қалды. Оның орнына Иэн Гэрри шығып, Рахмоновпен соңғы гонгқа дейін төтеп берген алғашқы файтер атанды.

Белал Мухаммадтың соңғы жекпе-жегі

Мұхаммад соңғы рет UFC 303 турнирінде Леон Эдвардспен кездесті. Манчестерде өткен жекпе-жекте ол бірауыздан төрешілер шешімімен жеңіске жетті.