Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Биыл қыркүйекте! Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» арадағы жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
17.02.2025, 19:34

Сауд Арабиясында ірі бокс кештерін ұйымдастырып жүрген Турки Әл аш-Шейхке үндеу де тастады. 

ulysmedia.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық чемпион Сауль Альвареске ашық шақыру жасады

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сауд Арабиясында ірі бокс кештерін ұйымдастырып жүрген Riyadh Season басшысы Турки Әл аш-Шейхке үндеу жолдап, Сауль «Канело» Альвареспен (62-2, 39 КО) кездесу ұйымдастыруды сұрады.

«Канело» жаңа келісімшартқа қол қойды

Жуырда мексикалық боксшы Турки Әл аш-Шейхпен бірден төрт жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт жасасқан болатын. Оның қарсыластары әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жәнібек Әлімханұлы өз кандидатурасын ұсынды.

«Турки Әл аш-Шейх, қыркүйекте «Канеломен» жекпе-жек өткізейік», – деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Әлімханұлы мен Альварес арасындағы жекпе-жек мүмкін бе?

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта екі бірдей чемпиондық белбеуге ие. Ал Сауль Альварес супер орта салмақта абсолютті чемпион атағына ие және әлемдегі ең танымал боксшылардың бірі. Егер бұл кездесу ұйымдастырылса, қазақстандық спортшы үшін кәсіпқой бокстағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі болмақ.

Бокс жанкүйерлері мен сарапшылар енді Сауд Арабиясының промоутерлік командасы бұл ұсынысқа қалай жауап беретініне қызығушылық танытып отыр. «Канело» мен Жәнібектің кездесуі әлемдік бокс индустриясында үлкен резонанс тудыруы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 5 сәуір күні қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы Астанада кезекті жекпе-жегін өткізеді

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары