ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Саудиялықтар секунд сайын "Канелоға" ақша төлейтін болды

Мексикалық боксшының қалтасына әр секунд сайын 4 мың доллардай ақша түсіп тұрады. 

Саудиялықтар секунд сайын "Канелоға" ақша төлейтін болды
rsport.ria.ru

Альварес жаңа келісімшартқа қол қойды: әр жекпе-жек үшін 100 миллион доллар табыс табады

Танымал мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Riyadh Season компаниясымен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды. Осы келісім аясында ол әр жекпе-жек үшін 100 миллион доллар алады. Бұл туралы TheSportster.com хабарлады. 

Альварес YouTube жұлдызы Джейк Полмен ұсынылған жекпе-жектен бас тартып, оның орнына Сауд Арабиясындағы Riyadh Season ұйымымен төрт жекпе-жекке арналған ауқымды келісімшартқа қол қоюды жөн көрді. Сауд Арабиясының Сауық құру басқармасының төрағасы келісімнің жалпы құны 400 миллион долларды құрайтынын мәлімдеді.

Басылымның хабарлауынша, Канело 2025 жылы екі жекпе-жек өткізеді – мамыр және қыркүйек айларында, сондай-ақ 2026 жылы ақпан және қазан айларында тағы екі рет шаршы алаңға шығады.

Сарапшылар бұл келісімді таңғажайып және бұрын-соңды болмаған деп бағалады. Олардың есебі бойынша, әр жекпе-жек толық 12 раундқа созылса, Альварес рингте өткізген әр секундында 3 858 доллар табыс табады.

Айта кетейік, жуырда Сауль "Канело" Альварестің абсолютті әлем чемпионы атағы үшін өткізетін жекпе-жегі ресми түрде жарияланды. Келесі қарсыласы – кубалық Уильям Скалл.

Естеріңізде болса, жақында америкалық атақты промоутер Оскар Де Ла Хойя екінші орта салмақта үстемдік етіп тұрған Сауль "Канело" Альваресті "қатынға" теңеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.