Өзбекстанмен текетірес, нокауттар мен айқын жеңістер. Қазақстандық боксшылар Румыниядағы турнирде жұдырықтасуда

Редактор Penalty.kz
21.02.2025, 06:54

Румынияның Браила қаласында өтіп жатқан халықаралық "Dracula Open-2025" турнирінде қазақстандық боксшылар үздік өнер көрсетіп жатыр. 

sportpulse. kz

Dracula Open-2025: Қазақстандық боксшылардың нәтижелері: 

Жасөспірімдер арасындағы жекпе-жектер:

  • 46 кг: Алмас Жүнісов (Қазақстан) — Сальваторе Карбе (Италия) — 4:0
  • 46 кг: Арман Мырсәбит (Қазақстан) — Лилиан Чайнарян (Молдова) — бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіс
  • 48 кг: Аслан Жеңіспаев (Қазақстан) — Мадалин Чалугар (Румыния-2) — 5:0
  • 48 кг: Сұлтан Полатхан (Қазақстан) — Денис Александреску (Румыния-2) — 0:5
  • 52 кг: Әлімжан Ұлас (Қазақстан) — Давид Даниэль Ватафу (Румыния-2) — 5:0
  • 54 кг: Мәдияр Әбдікәрімов (Қазақстан) — Тадия Еремич (Сербия) — 5:0
  • 60 кг: Саят Қаратаев (Қазақстан) — Альшариф Атеф (Палестина) — екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіс
  • 60 кг: Арман Ахатов (Қазақстан) — Назар Ключко (Украина) — 0:5
  • 63 кг: Дарын Тасмұханбетов (Қазақстан) — Богдан Козак (Украина) — 4:1
  • 63 кг: Әмір Рамазан (Қазақстан) — Джанлука Папаверо (Италия) — 5:0
Instagram_ubf_boxing

Жастар арасындағы жекпе-жектер:

  • 57 кг: Алтынбек Әсетұлы (Қазақстан) — Асилбек Абдукадиров (Өзбекстан) — 0:4
  • 57 кг: Әзиз Дулат (Қазақстан) — Роберт Бранза (Румыния) — 5:0*э
  • 70 кг: Абылай Талғат (Қазақстан) — Игорь Логыш (Украина) — 4:1
  • 70 кг: Төреғали Сейдуллаев (Қазақстан) — Александру Савчук (Молдова) — 4:1
idman.az

Қазақстандық боксшылардың табысты өнері

Бұл турнир Қазақстан жас боксшыларының жоғары деңгейдегі дайындықтарын және халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін көрсетуде. Әсіресе, нокауттармен жеңіске жеткен Арман Мырсабит пен Саят Қаратаевтың жекпе-жектері ерекше назар аудартты.