Бетербиев пен Бивол реванш қарсаңында бетпе-бет кездесті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.02.2025, 11:03

Ресейлік боксшылар Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол 22 ақпанда Эр-Риядта өтетін реванш жекпе-жегіне арналған баспасөз конференциясынан кейін көз арбасу рәсімін өткізді.

sportbox.ru

Бетербиев пен Бивол мынадай мәлімдеме жасады:

“Менің әлемге арнаған үндеуім? Бұл жекпе-жекті өткізіп алмаңыздар, бұл тамаша айқас болады”, – деді Бетербиев баспасөз конференциясында.

“Бетербиевке реванш мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтамын. Мен рингке шығып, жеңіске жетуді көздеймін. Барлық спортшы жеңіске ұмтылады, біз – бәсекелестікке құмармыз. Өткен жолы жеңіске жете алмадым, бірақ бұл жолы бәрін өзгертуге тырысамын», – деп мәлімдеді Бивол.

22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін жекпе-жекте Бетербиев чемпиондық белбеулерін қорғайды. Бұл шайқас бүкіл әлем жанкүйерлерінің назарында.

Еске сала кетсек, боксшылар арасындағы алғашқы айқас былтыр 12 қазанда Эр-Риядта өтіп, төрешілер шешімімен Артур Бетербиевтің жеңісімен аяқталған еді.