Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жекпе-жек нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
25.02.2025, 19:58
Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа-2025" турнирін сәтті бастады.
NUR.KZ
Бекзат Нұрдәулетов 1/8 финалдың 86 кг салмақ дәрежесінде өзбекстандық Акмалжон Исроиловпен кездесті. Қазақстандық боксшы алғашқы раундта-ақ қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа жіберді. Содан төреші жекпе-жекті бірден тоқтатуға мәжбүр болды. Ал өзбекстандық қарсылас жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Бекзат Нұрдәулетов 1/4 финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы жақын күндері анықталады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама