"Қайталап көрейік, Джастин!" Қазақстан тумасы Джастин Гэтжиді жекпе-жекке шақырды
25.02.2025, 22:26
Қазақстанда дүниеге келген UFC-дің рейтингтік жеңіл салмақ өкілі Рафаэль Физиев Джастин Гэтжиға қарсы айқас өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
vesti.kz
Ол UFC 313 турнирінде Дэн Хукердің орнын басуға әзір екенін айтты, деп хабарлайды Championat.com сайты.
UFC 313 турнирі Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Бұған дейін австралиялық Дэн Хукердің жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуы мүмкін екені туралы қауесет тараған.
Физиев Гэтжиге “Қайталап көрейік, Джастин” деп ашық үндеу тастады.
Бұрынғы жекпе-жек қалай өтті?
Физиев пен Гэтжи 2023 жылдың наурызында UFC 286 турнирінде кездескен. Үш раундқа созылған айқаста Гэтжи төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен. Бұл жеңіліс Физиев үшін UFC-дегі үшінші сәтсіздік болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама