Қазақстандық балуан Олимпиада жүлдегерін тізе бүктірді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 06:31

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Азамат Дәулетбеков Алматыда өткен PWL 8 (Professional Wrestling League) турнирінде айқын жеңіске жетті. 

olympic.kz

86 кг салмақ дәрежесінде Азамат Дәулетбеков Беларусь елінің балуаны Магомедхабиб Кадимагомедовпен белдесті.

Қазақстандық спортшы Олимпиада жүлдегерін тізе бүктіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жекпе-жек видеосын төменнен көре аласыз.

Дәулетбековтің жетістіктері: 

  • 2022, 2023, 2024 жылдардағы үш дүркін Азия чемпионы
  • 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (Белград, Сербия)

Кадимагомедовтің атақтары: 

2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері.