Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Олимпиада чемпионынан жеңілген Ризабек Айтмұхан мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
26.02.2025, 11:29

Еркін күрестен қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан PWL-8 турнирінде америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снайдерге қарсы белдесуінен кейін Namys Fighting басылымына сұхбат берді.

vecher.kz
Реклама
Реклама

Жекпе-жек туралы пікір

Ризабек, не дұрыс болмады?
— Көп нәрсе ойдағыдай шықпады. Белдесуді өз жоспарыма сай өткізбек болдым, бірақ кеш қосылып кеттім. Қарсыласыма ұпай беріп қойдым, қайта қуып жетуге тырыстым, алайда қателіктер жіберіп қойдым.

Физикалық күш жетіспеді ме?
— Иә, оның физикалық қуаты сезілді. Ол 97 кг салмақта мықты қалыптасқан. Дегенмен мүмкіндік болған, бірақ ұпай беріп қойдым. Қайта қуып жетем деп ойладым, бірақ ол қорғаныста жақсы жұмыс істеді, тіпті қарсы шабуылдар да жасады.

Келесі қадамдар

Қашан жаттығуға ораласың?
— Ертең таңертең жаттығуға қайта ораламын. Бұл сәтсіздікке тоқтап қалмаймыз, қателіктерімізді талдап, жұмыс істейміз. Басты мақсат – бұл турнир емес, биылғы әлем чемпионатына дайындалу керек. Рухымыз түспейді.

Снайдерден реванш алғың келе ме? Оның стиліне бейімделуге қанша уақыт қажет?
— Әрине, реванш алғым келеді. Егер Алланың қалауымен әлем чемпионатында қайта кездесетін болсақ, онда сол жерде есеп айырысамыз деп ойлаймын. Оған теңесу үшін көп еңбек ету керек, сондықтан еш босаңсымастан жұмыс істейміз.

Белдесу нәтижесі

Еске сала кетейік, Ризабек Айтмұхан мен Кайл Снайдер 97 кг салмақ дәрежесінде белдесті. Кездесу барысында америкалық балуан 8:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары