Қазақстандық боксшы Конор Макгрегордың промоушнінде дебют жасайды

Редактор Penalty.kz
26.02.2025, 20:50

Жекпе-жек 5 сәуір күні Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді

vedomosti.ru

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Дильшат Нұрым Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) лигаcында алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Tengri Sport хабарлады. 

5 сәуір күні Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін BKFC Dubai турнирінде отандасымыз ресейлік чемпион Шамиль Жахбаровпен жұдырықтасады. Жахбаров – Hardcore промоушнінің чемпионы.

Скриншот Фото: tengrisport.kz

Айта кетейік, бұл турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Кай Стюарт пен титулға үміткер Томми Стридом чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Кай Стюарт vs Томми Стридом Фото: trillertv.com

Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) – 2018 жылы құрылған, әлемдегі ең ірі жалаң жұдырық жекпе-жек лигасы. Бұл ұйым боксшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи ережелерді сақтай отырып, қолғапсыз жекпе-жектер өткізеді. 2024 жылы UFC жұлдызы Конор Макгрегор промоушннің тең иесі атанды.

Дильшат Нұрым соңғы екі жекпе-жегін Колумбияда өткізген. 2023 жылдың 17 ақпанында Картахенада өткен айқаста жергілікті боксшы Кевин Мартинесті үшінші раундта нокаутпен жеңіп, мықты спорттық формасын көрсетті.