Қазақстандық нокаутер "Кіші әлем чемпионатында" қарсыласын ойсырата жеңді
26.02.2025, 19:56
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекзат Нұрдәулетов Странджа-2025 кубогының 1/4 финалында айқын жеңіске жетті.
vesti.kz
Сенімді жеңіс және жартылай финалға жолдама
1/4 финалда Бекзат Нұрдәулетов Франция өкілі Абдулае Траоремен қолғап түйістірді. Қазылар алқасының бірауызды шешімімен қазақстандық боксшы жеңімпаз деп танылды. Кездесудің қорытынды есебі – 5:0.
Нокаутпен жеңіс және жетістіктері
Еске салайық, 1/8 финалда Нұрдәулетов Өзбекстандық боксшы Акмалжон Исроиловты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.
Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионы (Екатеринбург, Ресей) және Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы болып табылады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама